Депутат Ринат Зайытов демалысын қалай өткізеді?

30 Маусым 2023, 11:05 1200

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутат Ринат Зайытов демалысын қалай өткізетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мен Қазақстаннан шықпаймын ғой. Бұрын баратынмын. Бір әулеттің шетелге баруы үшін кемінде 2-3 миллион теңге керек. Бұрын табыстың ауқымы үлкен кезде баруға болатын. Қазір бір жағынан өзіміздің Қазақстанның да туризмы дамып келеді. Екіншіден, шетелге бару деген маған қатты қажет нәрсе емес, - деді депутат.

Айта кетейік, Ринат Зайытов Парламент қабырғасында жүріп алатын 800 мың теңге айлығы отбасын асырауға жетпейтінін айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: