Депутат Қазақстанда TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

12 Сәуір 2023, 16:34 1308

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Мәжілістің пленарлық отырысында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне жіті мән беру керектігін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің айтуынша, Қазалы мен Өскеменде жасөспірімдердің қатысуымен болған оқиғалар бала тәрбиесі мәселесінің тұралап қалғанын, оның шешілмей жатқанын көрсетеді. Әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылық жайлы видеолар көптеп тарауда. Депутат ШҚО мектебінің әжетханасында оқушыны ұрып-соққандарды жазалау керектігін тілге тиек етті. 

Мәдениет және спорт министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірігіп жұмыс істеу маңызды. Рухани-тәрбиелік мәні жоқ, балалар мен жастардың санасына кері әсер ететін дүниені телеарна эфирінен шығармау керек. Танымдық, тәрбиелік маңызы бар сапалы бағдарламаларға назар аударған жөн. Кинозалдарда жасөспірімдердің психикасына теріс әсер ететін кино өнімдерін көруге тыйым салу керек. Ата-аналар балаларын TikTok-тың ықпалынан сақтауы қажет, балаларды тәрбиелеуге ерекше мән беруі керек», – деді Әлтай.

Депутат жасөспірімдерге TikTok желісін қарауға тыйым салуды ұсынды.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: