Депутат: Президентті бір мерзімге сайлау – демократиялық жаңашылдық

16 Қыркүйек 2022, 14:36 1716

Саяси реформаның бір көрінісі ретінде осы мәселені біз алдымен шешу алып керек болды.

Мәжіліс депутаты Мақпал Мыса елімізде болып жатқан өзгерістерді әділеттілік тұрғысынан дұрыс шешім деп есептейді, деп хабарлайды El.kz.

Айтуынша, елдің ішінде жаңа саяси реформа жасау керектігі туралы үнемі сөз көтерілген. Саяси реформаның бір көрінісі ретінде осы мәселені үкімет алдымен шешіп алу керек болғанын айтты. 

«Ата заңымызға өзгерістер енгізгенде президенттік өкілеттілікке қатысты бірнеше қадамдар жасалды. Онда жеке партияның мүшесі болмау қажеттігі, сондай-ақ, туыстарының үлкен лауазымды қызметтерде болмауы сынды дүнилер бұл да бір әділеттілік тұрғысынан сол қадамдардың жалғасы деп қабылдауға толық негіз бар. Демократия жолындағы жаңашылдық деп қабылдауға болады», - дейді депутат. 

Мәжіліс депутаты астана атауын қайтару мәселесі ел арасында қатты талқыға түскен мәселелердің бірі болғандығын тілге тиек етті. 

«Өздеріңіз де білесіздер, Астана атауын қойғанда, Тұңғыш Президент осы идеяны алдыға тастаған болатын. Одан кейін Нұр-Сұлтан болып өзгеруі, әсіресе, қаңтар оқиғасы кезінде қызу мәселенің біріне айналды. Бұл сұрақ тек қана сол кезде де қозғалып қойған жоқ. Бізге үнемі хаттар келіп түсіп отырды. Тіпті аймақтарға барған сапардың өзінде алдымызға қойған өзекті сауалдардың бірі болды. Бұл туралы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы да көтеріп, бастама жасаған болатын. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдардың тарапынан жолданған хаттардың легін, ұсыныс-пікірлерді ескере келе, қала атауын қайтару тұрғысынан шешім қабылдадық», - деді мәжіліс депутаты Мақпал Мыса. 

Сондай-ақ, мәжіліс депутаты бұл атауды жарнамалап қажеті жоқ. Астана аты бүкіл әлемге танымал. Ономастикалық тұрғысынан қаражат кетеді деген сұрақтар да туындап жатыр. Бұл қаражат ағымдағы әкімшілік шығындары арқылы өтеледі. Дегенмен, дәл қазір шұғыл түрде барлық өзгертуге ешқандай артық шығын кетпейтіндігі бірлескен отырыста айтылды. Қазір әлеуметтік желілерде халықтың басым көпшілігі қолдап отыр дейді. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: