Депутат Ерлан Дәкенов сайлауда өз дауысын берді

20 Қараша 2022, 08:41 1307

Ол президентті ел болып сайлаудың маңызына тоқталды

Астана қаласының мәслихат депутаты, Астана қалалық әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды El.kz.

«Сайлау еліміздің болашағы үшін өткізілуде. Мен Қазақстанның патриотымын. Кандидаттардың бағдарласымен толық танысып шығып, өз таңдауымды жасадым», - деді депутат.


Сондай-ақ ол президентті ел болып сайлаудың маңызына тоқталды.


«Әлемдегі орын алып жатқан жағдайларға байланысты өз көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз қажет. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, барлығымыз ел болып Президентімізді бірге сайлауымыз керек. Халықтың болашаққа деген сенімі мен үміті зор», - деді Ерлан Дәкенов.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: