Депутат еліміз транзиттік әлеуетін толыққанды жүзеге асыра алмай отырғанын айтты

Кеше, 17:55 158

Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Қазақстанның көлік-логистика әлеуеті толық жүзеге асыра алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен Қазақстан Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы стратегиялық көпір бола тұра, еліміздің транзиттік әлеуеті әлі күнге толыққанды жүзеге аспаған.

Біздің артықшылықтарымыз бар: Қазақстан Еуропаны Азиямен байланыстырады, Ресейді Орталық Азия елдерімен байланыстырамыз, Каспий өңіріне, Қара және Балтық теңіздеріне шығу жолдарын қамтамасыз етеміз. Алайда соған қарамастан жылына небәрі 32 млн тонна тасымалдаймыз, ал ұзындығы 193 шақырым ғана болатын Суэц каналы 1,4  млрд тонна тасымалдай отырып, Египетке жыл сайын 8 млрд доллар әкеп отыр, - деді ол.

Депутат көршілермен транзиттік көлемде айтарлықтай теңсіздік барын алға тартты.

Қазақстандық тасымалдаушылардың көлемі Өзбекстанның Қазақстан арқылы тасымалына қарағанда 25-30 есе кем. Маршруттардың ұзындығы да бірдей емес. Өзбек тасымалдаушылары біздің инфрақұрылымның 2100 шақырымын пайдаланса, біздікілер небәрі 600 шақырымын қолданады. Осы орайда заңды сұрақ туындайды: Біз неге транзит тасымалында әділ тепе-теңдікке қол жеткізе алмай отырмыз? – деді Болатбек Нәжметдинұлы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: