Депутат дәрігерлерге күш көрсететіндерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

1 Ақпан, 14:10 1229
 
Сенатор Амангелді Толамисов медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтудің маңызы туралы айтып, премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Депутат бұл сауалға белгісіз біреудің жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны себеп болғанын айтты,
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның жедел жәрдем жүргізушісіне дөрекі сөйлеп, соққыға жыққан видеосы тарады. Науқастың өміріне араша күнделікті қаншама адамдардың өміріне араша болып жатқанда түскен жедел топтың өзіне де көмек керек болды. Шұғыл дәрігерлік көмек күткен бір жастағы сәби де екінші бригаданың келуін күтті. Яғни, құқық бұзушы екі адамның өміріне қауіп төндірді. Осындай жағдайлар бұғанға дейін бірнеше рет орын алған. Медицина қызметкерлері, өздерінің өмірі мен денсаулығына қауіп қайдан келерін білмейді, - деді сенатор.
Депутат дәрігерлерге қастандық жасап, оларға күш көрсететіндерге немесе қатер төндіретіндерге жазаны қатаңдату қажет деп санайды.
Сенатордың айтуынша, қазіргі уақытта медицина қызметкерлерін де, полиция қызметкерлерін де қорғайтын арнайы заң ережесі жоқ. Осыған байланысты сенатор бірқатар тиісті шараларды ұсынды.
Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: