Депутат Дәулет Мұқаев оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа жолдаған сауалында балабақшаларда кезекші топтар ұйымдастыру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұқаев елордада мемлекеттік қызмет саласында 4 мыңға жуық азамат жұмыс істесе, бюджеттік мекемелерде істейтін адам саны 100 мыңдап саналатынын алға тартты. Ал жұмыс уақыты 18:00-ге дейін. Тиісінші ата-аналар балаларын балабақшадан алып кету үшін асығады, ал мұның салдары кептеліске, жол апатына әкеп соғады.
Қазір көп отбасылардағы ата-аналар, яғни ері де, әйелі де жұмыс істейді. Онсыз Астанада өмір сүру оңай емес. Жұмыс уақыты – таңғы сағат 9-тан кешкі 18:00-ге дейін. Бұл – барлық мекемелерге қойылатын ортақ талап. Содан кейін баласын балабақшадан алу үшін қызметкерлер күнделікті жұмыстан ерте кетуге сұранады. Ондай адамдардар жұмыс өнімділігін қалай талап етуге болады. Ең қиыны, дәл осы уақытта елордада жол кептелісі күшейіп, көлікті тізгіндегендер балабақшадағы баласына ертерек жету үшін асығыс айдайды. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып жататыны тағы анық, - деді ол.
Мәжілісмен тәрбиешшілер жұмыс уақыты аяқталған соң, балаларды қарауылдың қасына тастап кетеді, сондықтан кезекші топтар ұйымдастырылуы керек деп санайды.
Ата-аналар кешкі сағат 18:00-де жұмыстан шықса, балабақшалар 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болса, онда біздің балаларымыз қараусыз қалады деген сөз. Балабақшалар көп жағдайда сәбилерді қарауылдың қасына қалдырып кетеді. Дұрысы, ата-анасы жұмыс істейтін балаларды кезекші топтарға біріктіріп, кешкі сағат 19.00-ге дейін қарайтын болса, дұрыс болмай ма? Мұндай тәжірибе Астана қаласындағы кейбір балабақшаларда бар. Кешкі уақыттағы кезекші топтарды елордадағы барлық балақшада ұйымдастыру керек деп санаймыз, - деді Мәжіліс депутаты.