Депутат Асқар Садықов әйел адамға ұятсыз хаттар жазған - Перуашев

4 Қыркүйек, 18:13 1174

Депутат Асқар Садықов не үшін партиядан шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ақжол»партиясының жетекшісі Азат Перуашевтің сөзінше, партия атына Асқар Садықовқа қатысты бірқатар шағым түскен.Онда айтылған жайттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылған.

Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жaйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын. Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептертерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған), - дейді Перуашев.

Әйел кісі 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарға жауап бермеген.

Алайда 15 мамырда ұсыныстар тағы қайталанған және әйел адамның айтуынша, Асқар Садықов жүйелі түрде басқа күндерде де жыныстық бопсалауды жалғастырған. Бірақ Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігіне байланысты, харассментке тап болған жәбірленуші құқық қорғау орнына жүгіне алмаған.

Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде Асқар Садықов "өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін" айтты. Сондықтан біз бұл кедергіні алып тастадық, ал Асқар Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім әйел адамға ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік береді, - делінген жазбада. 

Пленум нақты фактілерге сүйене отырып, Асқар Садықовты партиядан шығару туралы шешім қабылдаған.

Соның ішінде бұл жағдайлардың (бірнешеу) одан да қауіпті салдары болмас үшін. Өзге адамдардың ар-намысы мен жеке өміріне қатысты болғасын бұл жағдайды көпшілік алдына шығару маған өте жиіркенішті болса да, осы мәселе төңірегіндегі дау-дамай мен алыпқашпа әңгімелердің нүктесін қоюға мәжбүрмін, - деп түсіндірді Перуашев. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: