Депутат Аманжол Әлтай жалған ақпарат берген. Қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы депутаттан кешірім сұрауды талап етті

19 Сәуір 2023, 21:52 2273

Қоғам белсендісі, ұстаз Өмір Шыныбекұлы Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайдың айтқан ақпаратына қатысты мәліметтерді жоққа шығарды. Яғни, депутат айтқан оқиға Диқанкөл ауылында болмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айтқаныңыздың көбімен келіспеске шара жоқ. Дегенмен, мәлімдеме жасар алдында фактілерді жақсылап тексеріп алу керек еді. Маған кеше Төлеби Ауданы, Диқанкөл ауылының тұрғындары келді. Ауылда да, мектепте де мұндай оқиға болған жоқ деп отыр.

Ауыл тұрғындары жиналысынан бейнероликтер берді. Қазір ғана Түркістан Облысының Білім Басқармасы на қарасты Төлеби Аудандық Білім Бөлімі басшысы Бекайдар Тойлыбаев мырзамен телефон арқылы тілдестім. Ол кісі де ауданда да, Диқанкөлде де ондай жағдайдың болғаны анықталмады деп отыр, -деп жазды Өмір Шыныбекұлы.

Сондай-ақ Мәжіліс депутатынан мәлімдеме жасамас бұрын ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу керек екенін айтты.

Мәжіліс секілді биік мінберден айтылған ғана емес, ауыздан шыққан әрбір "фактінің" артында адам құқығы, ар-намысы, ары-беріден кейін тағдыры тұруы мүмкін екенін ескерсек, өз каналдарыңыз арқылы айтқан нәрселеріңізді тағы бір нақтылап алып, Төлеби ауданы мен Диқанкөл ауылының тұрғындарынан кешірім сұрап, құқық қорғау органдарынан жалған ақпарат таратқандарды заң шеңберінде жазалау туралы талап етуіңізге тура келетін шығар?

Менен көрі қолыңыз ұзын, аузыңыздан шыққан фактілерді тағы бір тексеріп алыңыз, - деп жазды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: