Депутат 3 баладан көп баласы бар аналарға жалақы тағайындауды ұсынды

6 Қараша 2023, 11:30 5395

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көбейту туралы ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпбалалы отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені,  олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр, — деді депутат.

Сонымен қатар Ерлан Сайыров Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаржы мөлшерінің аз екенін және ата-аналарды жұмыспен қамту қажетін айтты.

Қазіргі таңда Ұлттық қордың біршама қаржысы балалардың есепшотына аударылып жатыр. Бірақ бұл — өте аз. Бірақ, өзіміз болашақта тәуелсіздік эстафетасын алып жүретін балаларды тәрбиелейміз десек, олардың ата-анасына жағдай жасау керек. Сол үшін балалардың ата-анасын жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, қоғамдық қорлар арқылы көмек көрсету ісін жолға қою керек, — деді ол.

Депутат биыл ел халқының 1 млннан астамы кедей санатына кіргені жөнінде айтты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: