Денсаулық сақтау вице-министрі: Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы вакцина жоқ

22 Ақпан, 12:00 811

Сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова бүгінде елімізде маусымдық коронавирус белгілері анықталмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус жыл сайын 12 ай бойы тіркелуде. Бірінші рет қыркүйек айында, сосын қаңтар айында сырқаттанушылық өсті. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, биыл сырқаттанушылық төмендеді. Бірақ желтоқсан мен қаңтар айларына қарағанда екі есе артты, - деп атап өтті Айжан Серікбайқызы.

Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның жоқ екенін хабарлады.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жоқ. Бірақ эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, «OtarBioPharm» бір айда керек дозаны шығарады, - дейді Айжан Есмағамбетова.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: