Денсаулық сақтау министрлігінде лудоманиямен күресудің жаңа тәсілдері талқыланды

13 Қыркүйек 2023, 21:02 824

Қазақстандықтар арасында ойынға тәуелділіктің таралу ауқымы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-тегеуріндерге дайындығы және ойынға тәуелділікке қарсы іс-қимылдың одан арғы шараларын айқындау талқыланды.

Кеңеске халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының, өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының, жеке оңалту орталықтарының өкілдері қатысты.

Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп  бағаланады, шамамен 12,5% үнемі ойнайды.

Сонымен қатар, лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды.

Қазақстанға математикалық модельдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 000 адамды құрайды.

Министрдің тапсырмасы бойынша тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындау басталады, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізілетін болады. Мұндай есепке алудың мақсаты - құпиялылықты сақтай отырып, консультациялық көмек, ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету. Медициналық ұйымдардың ішкі ақпараттық жүйелерінде ғана тіркеуді жүзеге асыру жоспарлануда.

А. Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуы тиіс. Осыған байланысты олардың қызметін реттеуді жүзеге асыру жоспарлануда. Кеңеске қатысушылар атап өткендей, есірткіге тәуелділікпен күрес барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және жалпы қоғамның қатысуымен кешенді болуы тиіс.

Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз осы мәселеге тап болса, сіз өңірлік психикалық денсаулық ұйымдарына немесе  Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының www.mentalcenter.k сайтына жүгіне аласыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: