Денсаулық сақтау министрі сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Маусым 2023, 16:18 974

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кәсіби мереке қарсаңында еліміздің медицина қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласының маңызды жетістіктерінің ішінде ол қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығының өскенін атады. Бүгінде еліміз бойынша бұл көрсеткіш алғаш рет 74,4 жасты құрап отыр. 

Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық жоба іске асырылуда, 600-ден астам медициналық объекті салынуда, кадрлар даярлануда және заманауи технологиялар енгізілуде. Бұл, әрине, ауылды дамытуға және жандандыруға зор үлес қосатыны сөзсіз", - деп атап өтті Ажар Ғиният.

Министр ауылдағы медицина қызметкерлерінің үлкен еңбегін ерекше атап өтті, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық жүйедегі әріптестердің маңызды рөліне тоқталды. Олардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында халық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, профилактикалық тексерулер жүргізілмек, Сондай-ақ, пациенттер одан әрі емдеу үшін қажетті консультациялар мен қолдау алады.

А. Ғиният мыңдаған бала мен ананың өмірін сақтап қалған ана мен бала денсаулығын сақтау қызметінің жұмысына жоғары баға беріп өтті.

Бүгін біз, құрметті әріптестер, Мемлекет басшысының мақсаттарын іске асыруға және азаматтарымыздың өмірі жақсы,  сапалы және ұзақ болуы үшін тікелей жауаптымыз, - деп атап өтті министр. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: