Денсаулық министрлігінің лауазымды тұлғасы 850 мың теңге пара алған

9 Ақпан 2023, 14:42 969

Бұл туралы Антикор мәлім етті

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді.

Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды.

Жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

EL.KZ
Бөлісу: