Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын орындады

31 Тамыз 2022, 14:02 1582

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы аясында ведомствоға берген 8 тапсырмасы орындады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакцинаны сатып алу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың 3 қыркүйегінде коронавирус инфекциясына қарсы «Комирнати» вакцинасына уақытша тіркеу куәлігін берді және 2021 жылы 2 қазанда Pfizer Export B.V. компаниясымен өнімді жеткізілім шартына қол қойды.

ҚР ДСМ «Комирнатимен» тиісті контингентті коронавирусқа  қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоспарды әзірлеп, жүзеге асыруда.

2021 жылы 24,8 млн доза вакцина сатып алынды. 2022 жылы 3,6 млн доза вакцина жеткізілді. КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсынан 10,5 млн адам өтті,  тиісті контингенттің 79%-ын немесе ел халқының 55,5%-ын қамтылды. Басқа вакцина түрлеріне қарсы көрсетілімдері бар халықтың жекелеген топтарын (12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерді)  вакцинациялау үшін сатып алынған  «Комирнати» (Pfizer) вакцинасымен 1,1 млн адам егілді. Екпе алғандар саны тиісті контингенттің  59,9%-ын (859,3 мың – жасөспірім, қамту деңгейі – 67,4%,  жүкті әйелдер – 39,4 мың, қамту деңгейі – 12,3%, емізулі баласы бар әйелдер – 141,9 мың,  қамту деңгейі – 35,1%) құрады.

Бұған қоса,  халықаралық тәжірибеге сәйкес  6 ай бұрын екпе алған барлық адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізілуде. Қазіргі кезде 5,4 млн адам ревакцинацияланды,  тиісті контингентті қамту деңгейі 73,4% құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң қабылданды. Негізгі мақсат – биологиялық қауіп-қатерді анықтап, алдын алу және болдырмау. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты вакцинацияға дайындығын, сондай-ақ вакцинаның тиісті деңгейде сақталуы мен тасымалдануын, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің орындалуын қамтамасыз ету

Қазақстанда профилактикалық егулер ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қауласында бекітілген мерзімге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бюджет есебінен 20  жұқпалы ауруға қарсы екпе жасалады.  Жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 млн адам, оның ішінде 1,3 млн бала екпе алады.

Ұлттық вакцинация күнтізбесі шеңберінде Халықты профилактикалық екпемен қамту 95% құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – кемінде 12 санитарлық-эпидемологиялық сараптама жасау зертханасын жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз ету,  зертханалардың халықаралық стандартқа сәйкестігін 90% деңгейіне дейін көтеру

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін жыл сайын 3 зертханадан жабдықтау қарастырылған. 2021 жылы 3 зертхана жабдықталды. Сондай-ақ биыл тағы да 3 зертхана жабдықталады. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы – отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін 17%-дан 50%-ға дейін арттыру

ҚР ДСМ  дәрі-дәрмек пен медициналық ұйым шығаратын кемінде 30 өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. Оның ішінде төртеуі  Big Pharma тарту  жолымен ашылады.

2021 жылы отандық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым тауарын өндірушілер үлесі 37% құрады.

2022 жылы  отандық өндірушілер 200-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшының тапсырмасы –Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының базасында халықаралық стандарттарға сай аккредиттелген медициналық бұйымдарға зертханалық және техникалық сынақ жүргізуге арналған  орталық құру

Қазіргі таңда жер телімі бөлінді. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – технологиялар мен жаңашыл әзірлемелердің трансфертін қамтамасыз ету үшін инвестиция тарту мақсатында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты дамыту

ҚР ДСМ «СҚ-Фармация» ЖШС-мен бірлесе  жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастық аясында әлемдік дәрілік заттар өндірушілерімен белсенді келіссөздер жүргізілді.

Hoffmann-La Roche компаниясымен негіздемелік келісім жасалды.  Rafed Healthcare Supplies компаниясымен келісімге қол қойылды. Korea Health Industry Development Institute, сондай-ақ Novo Nordisk компанияларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы – мемлекеттік қолдау аясында отандық тауарөндірушілермен офтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейту

Қазіргі кезде 92 ұзақмерзімді  шарт күшіне енді. Оның ішінде  43-і дәрілік заттар,  49-ы медициналық бұйымдар бойынша жасалды.   Келісімшартқа сай 34  отандық өндіруші 4748 позиция бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізеді.

Бөлісу: