Денсаулық пен медицинаға қатысты 5 аңыз

17 Шілде 2018, 12:32 13736

Денсаулық сақтықты қажет етеді...

Медицина дамығалы біз көптеген зиянды-зиянсыз заттарды біліп келеміз. Бірақ, кең таралған «пайдалы» кеңестердің барлығы расымен пайдалы ма?

Жарақаттар мен жараларға сутегі тотығын (перекись) пайдалану керек

Сутегі тотығы жараны дезинфекциялау мен тезірек жазылуына көмектеседі деп айтылып, тіпті қолданылып келеді. Шындығында, дәріханаларда көптеп кездесетін үш пайызды сутегі тотығының жараға тигізер пайдасы шамалы.

Ғалымдар бұл дәрілік заттың жарақатқа тигізер көмегін зерттеп таба алмады. Ал оның залалсыздандыру қасиеті жайлы әлі де ізденістер жүргізіліп келеді. Десек те, антисептикалық көзқарас тұрғысынан сутегі тотығы йод секілді алғашқы көмек көрсетуге жарамайды. Себебі, көптеген микроағзалардың құрамында Н2О2 -ден тез ажыратылатын ферменттер бар, яғни бактериялар санының азаюы уақытша ғана.

Әрине, сутегі тотығын мүлде сызып тастауға болмайды, ол жараны таза ағын су секілді механикалық тұрғыдан тазартуға көмектеседі.

Вирусқа қарсы препараттар тұмаудан сақтайды

Өкінішке қарай, жоқ. ЖРВИ мен тұмаудың алдын алатын немесе сырқат барысында көмекке келетін вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің пайдасы жоқ. Кей препараттардың эффектісі тұмаудың А түрінде ғана болады. Олар симптоматиканы жеңілдетіп, аурудың уақытын бір күнге шегереді. Тек бір-ақ күнге!  Ал ауамен жұғатын вирустық аурулар үшін ешқандай көмегі болмайды.

Сол сияқты вирусқа қарсы таблеткалардың денсаулыққа тигізетін зияны болуы ғажап емес. Пайдалы деп ойлап, жапа шегіп қалмаңыз!

Көздің көру қабілеті күңгірттеу жерде оқығаннан нашарлай түседі

Көзге алагеуім уақытта оқыған ұнамайтыны рас. Жарық дұрыс түспеген жерде көздің бұлшықеттеріне біраз жұмыс істеуге тура келеді. Осы себептен көзді ашып-жұму жиілігі төмендеп, шырышты қабық құрғай түседі. Соңында жанарыңыз тез шаршап қалады. Қараңғы жерде оқыған шынында да ыңғайсыз. Бірақ, ол көру жүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді деген сөз емес.

Мұздатылған жеміс-жидектерге қарағанда балғыны нәрлілек болады

Тоңазытқышта сақталған жеміс-жидек пен көкөністердің нәрлілігі сол күйі сақталады. Кейбірі теріп алынған соң, жасыл қалпын сақтау үшін бірден мұздатқышқа жіберіледі. Тіпті, қаражидек, жүгері, үрмебұршақ сынды жемістердің тоңазытқышқа түскеннен кейін, витаминдері көбейе түседі екен.

Тоңазытқышта сақтау, жылы жерде қалғаннан пайдалырақ екенін ұмытпаған жөн. Себебі, ауа ылғалдылығы жоғары жер – көкөністердің нағыз жауы.

Холестерині жоғары азық-түліктер зиянды

Холестериннің ешқандай зияны жоқ, керісінше ағзамызға ауадай қажет. Ол барлық тірі ағзалардың  клеткалы мембранды тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, күн сәулесінің көмегімен D дәрумені, кортизол, прогестерон, эстроген мен тестостерон секілді гормондарды өндіруге қатысады. Тамақта сақталған холестерин сіздің денсаулығыңызға, жүрек-қан тамыр жүйесіне зиян келтіреді деп ойламаңыз. Дәрігерлер холестериннің жоғарылап кеткенін айтып дабыл қақса, азық-түліктен келген зиянның қатысы жоқ. Әңгіме қанда айналып жүрген холестерин туралы болып тұр.

Организмдегі холестерин алмасуының бұзылуы – нағыз қауіптің белгісі. Оған жеткізбеу үшін қандағы холестерин деңгейін бр қалыпта ұстаған дұрыс. Ол үшін жиі қан тапсырып, терапевтің көмегіне жүгіну керек.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: