Денис Тен – әлемде үшінші!

30 Наурыз 2015, 11:33

Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке мәреге жетті.

Мәнерлеп сырғанаудан Шанхай қаласында Әлем чемпионаты өтті. Әдеттегідей елдің намысын Денис Тен қорғады.

Шанхайда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке мәреге жетті.

Қазақстандық Денис Тен кеше қысқа бағдарламадан кейін 85,89 балмен үшінші орында тұрса, бүгін де сол сатыдан төмен түскен жоқ. Еркін бағдарламадан 181,83 балл жинаған Денис қорытындыда оны 267,72-ге жеткізді, сөйтіп әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Өткен жылғы әлем чемпионы және Сочи олимпиадасының жеңімпазы, жапондық Юдзуру Ханю бұл жолы 271,08 балмен күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал алтын медальді испандық Хавьер Фернандес (273,90 балл) қанжығасына байлады. Бұған дейін әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері атанған ол Испанияға тұңғыш рет алтын медальді сыйлады.

Айта кетейік, Денис Тен осыған дейін 2013 жылы әлем чемпионатының күміс, 2014 жылы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері атанса, биыл төрт құрлық жарысын ұтқан еді. 

2014 Сочиде өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарынан қола жүлде алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жетістігі алтынмен пара пар. Сондықтан жыл Жақында Денис Тен ел қоржынына тағы да жүлде салды. Хорватияның Загреб қаласында өткен "Golden Spin" халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

Денис Тен (Алматы, маусымның 13, 1993 жыл) - қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері,255,10 ұпаймен қола медальға ие болды Ол мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері .

Ванкувердегі олимпиадада Денис Тен өз деңгейінде өнер көрсетіп 76.34 ұпаймен 10 орынға жайғасты. Ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 8-орын (сәуір, 2009 ж), 9-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл.), ал 2013 жылы — әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 4-орын (наурыз 2009 ж), жасөспірімдер арасында «Гран При» сериясы бойынша өткен әлем кубогы кезеңінің 1 орын иегері (қазан 2008 ж.). Биылғы маусымда ересектер арасындағы «Гран-при» сынының қос кезеңіне қатысып, 7 және 10 орындарды иеленді. Әлемдік рейтингте 18-орында тұр. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші – 266,48 (2013 ересектер арасындағы ӘЧ). 2014 жылы Қысқы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек

Бөлісу: