Денис Тенді өлтірген адам Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді

6 Тамыз, 16:10 534

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кассациялық шағым туралы ақпарат Жоғарғы сот сайтында жарияланды. Істің 8 тамызда қаралатыны ғана белгілі, дегенмен іс материалдары жарияланбаған.
Айта кетейік, сот кеңсесінде бір ғана сотталушының аты-жөні көрсетілген.

Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін сотталған Нұралы Қиясовқа қатысты оның кассациялық шағым түсірген-бермегені туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде алған жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанаушыны өлтіргені үшін екі жас жігіт - Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов сотталды. Екеуі де 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ солармен бірге ұрлық жасады және қылмыс туралы хабарламады деген айыппен Жанар Тойлыбаева сотталды 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

EL.KZ
Бөлісу: