Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылыми тобы қазақ күресін зерттеуді қолға алды

14 Қазан 2023, 09:21 1041

9-20 қазан аралығында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылыми тобы қазақ күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының спортшыларымен келесі кезеңді зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі арқылы «Жекелендірілген тәсілді пайдалана отырып, қазақ күресі спортшыларының оқу-жаттығу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» гранттық қаржыландыру жобасы ретінде танылып отыр. 

Ғылыми жобаның мақсаты – жасанды гипоксиялық жаттығуларды қолдана отырып, қазақ күресі спортшыларының дайындығын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және көптеген медициналық, биологиялық,мәдени және физиологиялық көрсеткіштерге негізделген қазақ күресі спортшыларының жаттығу процесіне дербестендірілген тәсілдің тиімділігін эксперименталды түрде тексеру және функционалдық және педагогикалық өлшемдерді қолдану.

Асқар Таудай
Бөлісу: