Дене шынықтыру мұғалімі 8 сынып оқушысын зорлады

9 Қаңтар, 09:46 2008

28 жастағы жігіт оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қызылжардағы оқиға әлеуметтік желіде таралған. Бейресми мәліметтерде оның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені айтылады. Ал 8 сынып оқушысы Аққайың ауданындағы Смирнов ауылының тұрғыны.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

28 жастағы ер адамның 14 жасар кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскенін анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ПД өкілдері.

 Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни “он алты жасқа толмаған адаммен немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: