Демеу Жадыраев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
77 келідегі ұлттық құрама спортшысы Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы қырғыз палуаны Ақжол Махмұдовты жеңіп кетті. Есеп: 3-1.
Финал жолдамасын Демеу Әзірбайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Венгрия) екеуінің біреуімен сарапқа салады.