Демалыс және мереке күндері ауа райы жылы болады

21 Наурыз 2023, 09:00 1949

Синоптиктер 21-24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады, - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: