Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

15 Қыркүйек 2023, 13:18 870

Қазгидромет 16-18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде синоптикалық жағдай фронтальді бөлімдердің әсерінен қалыптасады, найзағай мен екпінді желмен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Еліміздің көптеген аймақтарында ауа температурасы түнде 2-12, күндіз 15-23 жылу, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температура фоны түнде 10-15, таулы аймақтарда 0-5 жылы, күндіз 20-28 жылы күтіледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: