Демалыс күндері қалың қар жауып, көктайғақ болады

8 Қараша, 15:24 449

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етіп, сондықтан ауа райы құбылып, қар жауады. Батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі.

Жаңбыр жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде екпіні 15-29 м/с жел тұрады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, таулы аймақтарда +5 градусқа дейін көтеріледі. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: