Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

10 Наурыз 2023, 12:13 773

Синоптиктер 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Барикалық алқаптардың тез өзгеруі Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жауын-шашын қар мен жаңбыр, жел күшейеді, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр.

11-12 наурызда еліміздің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 12-13 наурызда оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Еліміз бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ болжанады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай күтіледі.

"Ауа температурасы: еліміздің батыс облыстарында түнде 0-10 жылыдан 2 аяз -8 жылы, күндіз 3-15-тен 7-18 жылыға дейін, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 0-12 аяздан 3-15 аязға дейін, күндіз 3 аяз-10 жылыдан 5 аяз - 3 жылыға төмендейді деп күтілуде, оңтүстікте түнде 3 аяз -10 жылыға дейін төмендейді, күндіз 10-20 жылыға дейін жоғарылайды, оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, күндіз 2-18 жылыға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: