Демалыс күндері ауа райы қандай болады

24 Ақпан 2023, 13:48 840

Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Болжам бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында төмен қарлы боран, оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.

Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: