Демалыс күндері ауа райы қандай болады

23 Қараша, 08:45 460

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің оңтүстік аймақтарында демалыс күні қар жауып, жел соғады. Оның арты көктайғақ пен тұманға ұласуы мүмкін. 

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде Сібір антициклоны есебінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшейеді, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн ашық болғанымен, ауа температурасы төмендеп, түнде 10-18 градусқа дейін түседі. Ал, елдің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Астана қаласында 23 қараша күні тұман күтіледі. Ал Абай, Жетісу, Түркістан, Атырау облыстарында жел күшейіп, екпіні 30 м/с асады деп күтілуде. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде жел екпіні қатты болады.  

Зарина Арман
Бөлісу: