Демалыс күндері 38 градусқа дейін аяз болады – Қазгидромет

25 Қараша 2022, 12:47 1348

Ауа температурасының күрт төмендейді және жауын-шашын тоқтайды

Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аймағында күн күрт суиды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны әсер етеді. Сондықтан солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының күрт төмендейді және жауын-шашын тоқтайды.

Атмосфералық фронттардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар түрінде жауын-шашын жауады, 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қатты қар жауады. Республика бойынша тұман, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі секундына 15-28 метр, шығыста бұрқасынмен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 аязға дейін аздап төмендейді, 26-27 қарашада солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте 23-36 аязға дейін, орталықта 17-34 аязға дейін, 27-28 қарашада шығыста 27-38 аязға дейін күрт төмендеуі болжанады, 27-28 қарашада ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста 5-15, таулы жерлі аудандарда 15-20 градус аяз дейін төмендеуі күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: