Демалыс күндері 32 градусқа дейін күн ысиды

10 Мамыр, 15:55 755

Қазгидромет синоптиктері 11-13 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иран аймақтарынан келетін бұлт өрісі елдің батыс аймақтарын жаулап алады, соның әсерінен күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, ауа температурасы төмендейді. Фронттар республиканың шығысына қарай жылжиды. Салдарынан шығыс, солтүстік, орталық облыстарда найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Температура біртіндеп максималды 22-27 градус жылыға дейін көтеріледі. Оңтүстік және шығыс өңірлерде де құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады. Дегенмен, күндіз термометр бағаны бірте-бірте Цельсий бойынша плюс 20-32 градусқа дейін көтеріледі.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: