«Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан - 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Елдегі ауа райын Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық майдандар айқындайды. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран соғады, екпінді жел соғады, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, жауын-шашын күтіледі. 1 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады», - делінген синоптиктердің болжамында.