Демалыс күндері Шығыс Қазақстанда қар жаууы мүмкін

17 Қыркүйек 2022, 03:10 2496

Түнде тұман түсіп, үсік жүреді.

Синоптиктер 17 қыркүйегіне Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағының басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды El.kz.

Республика бойынша негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде тұман түсіп, үсік жүреді. Синоптиктер желдің күшеюін де болжап отыр.

1Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың шығысында жаңбыр жауып және қар жауады, - деп болжайды "Қазгидромет" РМК.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Бөлісу: