Демалыстан неге шаршап қайтамыз?

9 Тамыз 2017, 12:39 4896

Көптен күткен еңбек демалысынан шаршап қайтудын себебі.

Еңбек демалысы дегеннің өзі адамның күнделікті жұмысты ойлаймай, күш-қуат жинап, демалып қайтуы дегенді білдіреді. Алайда көбіміз еңбек демалысынан ауыр жұмыс жасап шыққан күндерден де шаршап қайтамыз. Бүгінгі материалымызда бұнын себебін түсінуге тырыстық.

Кез-келген демалыс қалыпты өмір ырғағын өзгертеді. Жаңа өмір салтына үйрену үшін біздің организм физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да белгілі бір өзгеріске ұшырайды.

Демалыс орнына біз уақытымыздың барлығын тек демалысқа арнауымыз қажет деген оймен келеміз. Күнделікті судың жағасында демалып жатсақ 2-3 рет жағажайға, егер емдік процедуралар қабылдап жатсақ оған жұмысқа барғандай барамыз. Содан көптен күткен демалыс міндетке айналады. Сондықтан көңіліміз қалап істемеген тірліктен бір рахат таппай, керісінше қатты шаршаймыз.

Бізді «қонақ үй – жағажай, жағажай – қонақ үй» бағытындағы бір сарынды демалыс та шаршатады. Одан жаманы тек  күнделікті қайталана беретін үй мен жұмыстың арасындағы бағыт болса керек. Сондықтан демалысыңызды алдын ала жоспарлап алу керек. Мәселен, жағажайға бара жатсаңыз тек қана шомылып қайтпай, сүйікті кітабыңызды алып барып, оқып күнге қыздырынып жатуға болады. Одан кейін демалыс орныңызды айналасындағы орындарға экскурсия жасаңыз.

Егер сіз Еуропа елдеріне тур сияқты белсенді демалысты таңдаған болсаңыз керісінше тек қалаларды аралап, әдемілікке тамсанып жүре бермей арасында қонақ үйде немесе жайлы кафеде тыныш демалуға уақыт бөліңіз. Себебі қаладағы барлық ескерткіштер мен музейлерді аз уақытта қарап шыға мүмкін емес. Ал азын аулақ  өзіңізге көңіл бөлмесеңіз  күш-қуатыңыз сарқылуы мүмкін.

Демалыс уақытында климаттық өзгерістер де адамның ағзасына үлкен әсер етеді. Шетелді айтпағанда, өз елімізде Алматының таулы аймағындағы немесе Ақтауадағы теңіз жағасына, Шымкентке Сарыағаштың демалыс орынына барсаңыз да онда бәрі басқа. Ауа да, су да, азық-түлік те, тіпті қапырық ыстық та, жоғары ылғалдылық та сіздің тұрғылықты жерден өзгерек. Сондықтан сіздің организмізге акклиматизацияға уақыт керек болады. Дәрігерлер ол үшін 10 күннен 2 аптаға дейін уақыт қажет екендігін айтады. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана барып біз жаңа климатқа үйренгенде нағыз демалыс басталады. Алайда, көпшілігіміз демалыс орнында соншалықты ұзақ уақыт жата алмайтынымыз тағы бар.

 

Бір жағынан қазіргі еңбек демалыстарының мерзімі аз болғандықтан демалыс жалықтырып жібереді. Бір апта демалып үйреніп қалған адам, он күннен кейін зерігіп кетеді. Сонда біз зеріктіретін демалыстан демалатын жұмыстың жақында басталатынына қуана бастайды екенбіз.

 

Дайындаған: Тарлан ДИАС

Бөлісу: