"Delta Bank-тен ақша жымқырған". Астық олигархы Нұрлан Тілеубаев 10 жылға сотталды

31 Қазан 2023, 10:00 969

«Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеуді ҚМА жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2012-2017 жылдар аралығында Н.Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы Банктен қаражатты алып шығарған.

Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды.

Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді.

Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары ретінде «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ болып табылады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: