Декларация тапсырмағандарға 51 750 теңге айыппұл салынады

13 Желтоқсан 2023, 16:40 1017

Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов айтты.

Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Жыл ішінде бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін – 300% айыппұл салынады, - деді ол.

Барлық ақпарат Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде (https://kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2) орналастырылған. Декларацияны толтыру бойынша, активтеріңізді тексеру бойынша бейне нұсқаулықтар бар.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: