Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды

7 Қазан 2022, 01:03 2458

Энни Эрно 82 жаста, францияның қазіргі заман әйел жазушысы.

Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы француз жазушысы Энни Эрноға бұйырды, деп хабарлайды El.kz.

Француз жазушысы бұл сыйлықты "жеке жадының түп-тамырын, алшақтығы мен ұжымдық шектеулерін ашқан батылдығы мен өткірлігі үшін" алды. Комитет бүгінгі әлемде болып жатқан жағдай емес, әдебиет пен жұмыстың сапасы басымдық екенін атап өтті.

Энни Эрно 82 жаста, францияның қазіргі заман әйел жазушысы.

Сондай-ақ, жазушының қазірге дейін он бестен астам кітабы жарық көрген. "Оның мекені", "Бір әйел", "Сол жылдар" атты шығармалары оқырмандар тарабынан жақсы оқылған.

Швед ғалымы және өнертапқыш Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, әдебиет сыйлығы осы салада "идеалистік бағыттағы ең көрнекті шығарма" жазған адамға беріледі. Лауреатты Швед академиясының 18 мүшесі таңдайды.
Бөлісу: