Дайрабаевқа жарияланған петицияға байланысты Қошанов жауап берді

10 Мамыр 2023, 15:30 16665

Журналистер бүгін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтан депутат Жигули Дайрабаев туралы сұраған. Таяуда Дайрабаевтың отставкасын талап еткендер петиция жариялаған еді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жуырда мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мандатын қайтарып алуды талап еткен петиция жарияланды. Оған депутаттың жемқорлық үшін шартты түрде сотталған ұлдары мен жер дауы себеп болып отыр.

Дайрабаевқа келер болсақ, ол депутаттығын тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой!? Балаларына қатысты мәселе. Сондықтан, ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте.Барлығын микроскоппен қарап отырады. Сондықтан әрбір шалт басқан қадамы жария болады, - деді Ерлан Қошанов.

Ол  “егер заңбұзушылық депутат Дайрабаев тарапынан болса, бірінші кезекте "Ауыл" партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептейтінін” айтты.

Осы орайда тілшілер мәжілістің репутациясына зиян келмей ме деп сұрады. "Зиян келтірмейді деп санаймын", - деп қысқа қайырды спикер.

Еске сала кетейік,  өткен айда депутаттың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған "Альбион" құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: