Дауыс беруге тіркелгендер 100% келеді деп үміттенеміз – учаскелік комиссия төрағасы

6 Қазан, 10:55 361

АЭС мәселесі бойынша өтетін референдумға арналған дауыс беру учаскелерінде жұмыс қауырт. №163 учаске де дауыс берушілерді күтуге сақадай сай, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

ҚР Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов учаскеге келіп, өз дауысын берді.

№163 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Серіков Замир Серікұлы учаскеге 2545 адам тіркелгенін айтып отыр.

Біздің учаске бойынша тізімде 2 545 адам бар. Сол кісілерді асыға күтудеміз. Референдумның алдында көп жұмыс атқардық. Әрбір пәтерге барып, шақыртуларды тараттық. Таңғы 07:00-де байқаушылармен бірге учаскемізді аштық. Барлық процедуралар жасалып, кешкі 20:00-ге дейін учаскеміз ашық болады. Одан кейін бюллеттеньді санауға кірісеміз, - деп нақтылады комиссия төрағасы.

Фото: Айнур Оспанова

Замир Серікұлы таңертең учаске алдында үлкен кісілер күтіп тұрғанын айтып, жастардың да бұл маңызды шараға бейжай қарамағанына разылық білдірді.

Арасында дауыс беруге бірінші рет қатысып жатқандары да бар. Оларға да кішігірім сыйлық беріп жатырмыз. Тізімдегі адамдардың 100 пайызы келсе, разы боламыз. Кешке бақылаушылар және БАҚ өкілдерімен бірге бюллеттеньдерді санаймыз, - деп қорытындылады ол.

Айта кету керек, референдум барысында республика бойынша жалпы саны 10 249 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстан азаматтарының тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесінің саны - 9 709, уақытша учаске - 618. Шетелде жүрген отандастарымызға арнап 63 елде 78 учаске ашылды.

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by EL.KZ (@elkz_portal)

Айнұр Оспанова
Бөлісу: