Дауыс беру басталды - ОСК

20 Қараша 2022, 08:00 2358

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров айтты

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының  мүшесі Константин Петров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кезектен тыс сайлау барысында дауыс беру басталды. Еліміздің барлық өңірлері бойынша сайлау учаскілері алдын-ала дайындалып, таңғы 07:00-ден өз жұмыстарын бастағанын орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров айтты.

«Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 8150 сайлау учаскесі Астана уақытымен сағат 7.00- де өз жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, өзге мемлекеттегі Қазақстан Республикасының 12 учаскесі дауыс беруге кірісті. Республикамыздың бес өңірінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау,Қызылорда облыстарында сайлау учаскелерінің жұмысы өңірлік уақыт белдігімен сағат 7.00 де (Астана уақытымен 8.00де) басталады»,-деді ол.

 Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сүйенсек,  республика бойынша 10 101 учаскесі жұмыс жасауда. 

 Сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар саны - 11 950 485 адамды құрап отыр. Күні кеше кешкі 18:00-ге дейін сайлау құқығы бар, бірақ басқа өңірде уақытша жүрген, тіркелмеген азаматтар үшін босату қағаздары толық беріліп бітті. Оларға қазіргі тұрғылықты мекен-жайы бойынша жақын сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге арналған 22 578 куәлік берілді.

EL.KZ
Бөлісу: