Дауылды ескерту: ТЖМ сақтық шараларын еске салды

7 Қараша, 00:16 433

ТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран және көктайғақ күтіледі.

ТЖМ мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- әсіресе түнде және дауылды ауа райында алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз;

- ауа райы жағдайлары мен көлік құралдарының қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;

- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

- қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратқа бару керек;

- ағаштардан, ілулі құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыз;

 - үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Зарина Арман
Бөлісу: