Air Astana әуекомпаниясы ауа-райына байланысты ұшақ рейстерінің кешігетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Air Astana әуекомпаниясы 9 тамыз күні рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлайды. Рейстердің кешігу себебі 8 тамыз күні Астанада болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады, - делінген компания ақпаратында.
Әуекомпания инженерлері қажетті тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Жөндеу жұмыстары бірнеше күннен кейін бітеді. Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз, - деп мәлімдеді Air Astana.
Айта кетейік, елордадағы қатты желден Астана-Атырау бағытында ұшқалы тұрған ұшақ зақымданғаны туралы жазған едік.