Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

2 Наурыз 2023, 15:50 1350

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Біз оны 7 наурызда күтеміз. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деп сенеміз", - деп жауап берді Атқару Комитеті Tengrinews.kz тілшісіне.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.

Еңбек қызметі: ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);

Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);

ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);

ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019). 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2020 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

«Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

EL.KZ
Бөлісу: