Дәуітәлі Стамбеков баспасөз беттерінде

25 Наурыз 2017, 11:30 7701

Ғалымның өзі өлсе де, сөзі өлмейді

Дәуітәлі Стамбеков – өлеңнен кестелі өрнек салған суреткер, өр рухты қайсар тұлға. Ақынның жырлары өз оқырмандарын  шынайылығымен, табиғилығымен, адалдығымен баурайды. Өлеңдері кейінгі ұрпақты тәлім-тәрбиеге, имандылыққа, адамгершілікке баулиды. Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, ата мұрасын жалғастырушы Зейнеп Ахметова апамыздың дәстүрімен мен де ақын атамның шығармашылығын зерттеп, ғылыми жоба жаздым. Ізденіс барысында сол заманда газет-журнал беттерінде жарық көрген Дәуітәлі Стамбеков туралы материалдарды жинақтадым.

1.Қазақ әдебиеті республикалық газет, №21, 23.03.2001 ж.  Құлтөлеу Мұқашұлының «Дәуітәлінің дауысы» атты мақаласы.

(бұл еңбектен Құлтөлеу Мұқашұлының Дәуітәлі ақынды өз ағасындай көріп,құрметтеп,қадірлейтінін байқауға болады. Дәуітәлі Стамбековтың бойындағы адамгершілігін, адалдығын, бауырмалдығын, аға, әрі дос ретінде айтқан ақылын сағынышпен еске алады.

2. Қазақ әдебиеті республикалық газеті, №4, 26.01.2007 жыл.

Гүлжан Темірееваның Дәуітәлі Стамбекұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Жұмағым мен Тамұғым» атты авторлық кітабындағы өлеңдер жинағынан үзінділер.

(Дәуітәлі  Стамбековпен бірге С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде бірге оқыған Гүлжан Теміреева бұл мақаласында ақын досының әншілік, күйшілік өнерімен, биязы, тіл табысуға құштар, аңқылдаған ақкөңіл, ұлтжанды, бауырмал, бала мінезін айтып,еске алады. )

3.Қазақ әдебиеті республикалық газеті, №5, 27.04.2007 жыл.

Ғалым Жайлыбайдың « Өлгендер қайтып келеді» мақаласы. ( бұл еңбегінде  Ғалым Жайлыбай ағамыз Дәуітәлі Стамбеков ағасын қадір тұтып, бауырмалдығы, жанашырлығы мен қамқорлығын айтып тебіренеді. Адуынды ақынның ақкөңіл мінезін де сағына еске алады.)

4.Қазақ әдебиеті республикалық газеті, №49-50, 07.12.2007 жыл. Қасымхан Бегманов. «Асқақ дауысты ДАРЫН» мақаласы.( ақын Дәуітәлі Стамбековтың шығармашылығы туралы ойларында Қасымхан Бегманов «Есімде қалғаны - ақынның маңғаз жүріс-тұрысы, асықпай сөйлеуі, қою қара мұрты, жылы жүзі»,- деп сипаттай жазған екен. Мақалада ақын жырларының кейінгі ұрпақты тәлім-тәрбиеге, адалдыққа, тазалыққа шақыратын өшпес мұра екендігін айтады.)

5.Қазақ әдебиеті республикалық газеті, №43-44

Дәмер Әбіш.  «Дәуітәлінің ақылы» мақаласы. (Дәмер Әбіш өзінің бұл мақаласында Дәуітәлі Стамбеков пен журналистика факультетінде оқып жүрген жастардың студенттік өмірі жайлы, Дәуітәлі ақынның өзіне жігерлендіріп айтқан ақылын еске алады.) 
      

 

6. Балқаш өңірі газеті. 2007 жыл.  (бұл мақала қазақтың талантты ақыны Дәуітәлі Стамбековтың 60 жасқа толу мерейтойына арналған еске алу.)

7.  Қазақ әдебиеті республикалық газеті, №26.12.06.2009 жыл.

 Ақын досы Серік Ақсұңқарұлының мақаласы «Бәрі бар,Дәуітәлі-жоқ...», «Қайта оралып жүрермін жас шағыма...» мақалалары.(осы мақаласында Серік Ақсұңқарұлы  ақын жолдасын «Алдында Дәуітәлідейін адуынды азамат ағасы болмаса, мына дүниеде мендей Серік Ақсұңқарұлы деген басы жұмыр пенде де болмас еді!»,  «Алматыға келсем,көзіме Дәуітәлі елестейді. Бәрі бар,Дәуітәлі жоқ...»,- деп сағынышпен еске алады. )

8.Балқаш өңірі газеті, 2012 жыл.

Менің, яғни Мәдібекова Аяжанның «Атама деген сағыныш...» атты мақалам. (мен бұл еңбегімде атама деген сыздаған сағынышымды білдіріп, ол кісі туралы естеліктер, атамның жұрт біле бермейтін жақсы  қасиеттері, жетістіктері мен кітаптары туралы сөз қозғаған едім.)

9. Орталық Қазақстан,  18.07.2013 жыл.

Серік Ақсұңқарұлы. «Дәуітәлі қайтқанда»  атты өлеңі (бұл өлеңін Серік Ақсұңқарұлы өзі пір тұтатын Дәуітәлі ағасына деген қимастық сезіммен,сағынышпен жырлайды.

10. «Қазақ әдебиеті» №45 (3365);  қараша,2013 жыл

Құлтөлеу Мұқаш. «Дәуітәлінің ерген дәуірі туады әлі» мақаласы. (Қ. Мұқаш бұл мақаласында жазушының жары Фарида Базылқызының сұхбатын жазған. Сұхбатта Дәуітәлі Стамбековтың қызықты сәттері, халқы білмейтін жаңа қырлары, мінезі,отбасы жайлы сөз  қозғалған.)

11. «Қазақ әдебиеті» №45 (3365);  қараша,2013 жыл

Құлтөлеу Мұқаш. «Өленің өз өкілі»( Ақын Ұлықбек Есдәулеттің естелігінен. Бұл мақаласында  ақын  Д. Стамбековпен КазГУ-дегі поэзия кешінде болған қызықты оқиғаларды айтып, еске алады )          

12.  «Достар» жастар журналы №2 (23) 27 маусым 2014 жыл.

Аяжан Махамбетқызы. «Әлемге «Әудем жерді» салып кепті...» (Бұл мақалада атамның мектеп кезінен жолдасы болған Қуат Сейітұлы Қожамбаев ағамыздың марқұм ақын досы жайлы естелігі жазылды).

13. «Қазақ үні» газеті. 26 қаңтар, 2016 жыл.

Серік Ақсұңқарұлының Дәуітәлінің «Жұмағы мен Тамұғы» атты естелігі. 

14. Ұлықбек Есдəулет. «Әбілхаят» кітабынан «Баламінез Дəуітəлі» атты мақаласы. «Астанаполиграфия» баспасы, 2010 жыл. 2017 жыл, 27 ақпан.

Аяжан Мадибекова

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу: