Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында дебют жасап, рекорд жаңартты

Кеше, 02:27 561

«Қайрат» командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ұлттық құрама сапында дебюттік матч өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуде Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатып, ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанды.

Федерация мәліметінше, футболшы алаңға 16 жас 7 ай 8 күнінде шығып, Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартты.

Айта кетсек, Жамбыл Көкеев 2006 жылы 14 ақпанда Иорданияға қарсы ойында 17 жас 4 ай 25 күнінде ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.

Асқар Таудай
Бөлісу: