Дастан Сәтпаев «Челсиде» Мудриктен кем болмайды – Әли Әлиев

Бүгiн, 03:36 250

16 жастағы Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға шақырту алды. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс және Лихтенштейнмен матчқа қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев бұл шешімді түсіндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сол кезде Дастанның деңгейін байқадық. Сәтпаев біздің жұлдызымыз. Өте ерекше ойыншы. Қазақстанда осындай футболшы дүниеге келгеніне қуаныштымын. Ол алаңда не істеу керектігін жақсы біледі. Өзі бар-жоғы 16 жаста. Алайда, бәрін түсінеді. «Челси» керемет трансфер жасады деп ойлаймын. Мысалы, 16 жасында Абудкодир Хусановты ешкім білген жоқ. Дастан – біздің жұлдызымыз. Англия Премьер-лигасында ойнауға қабілеті жеткілікті. Дастан әлбетте Мудриктен кем емес, - дейді Әлиев.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында «Cardiff City» стадионында Уэльспен кездеседі. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 23 наурызға қараған түні 00:45-те басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Лихтенштейнге қонаққа барады.

Бек Тулеуов
Бөлісу: