Дәрігерлер жүректің тоқтап қалуына әкелетін себептерді атады

19 Ақпан, 10:24 3120

Жыл сайын әлем бойынша әр түрлі жастағы 18 миллион адам жүрек дертінен қайтыс болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер жүректің бірден тоқтап қалуына әкелетін себептерді атады. Олар: кеуде тұсындағы жайсыздық, тәбеттің жоғалып, жүрек айнып, асқазанның қатты ауруы, сол қолға берілетін ауырсыну, тістің немесе төменгі иектің ауруы, бас айналу немесе соған ұқсас жағымсыз сезімдер, кеңістікте бағдар жоғалтып алатындай күйге түсу, ұдайы шаршау, аяқтың домбығуы, көпке созылған жөтел, орынсыз демігу, ентігу, қатты қорылдау, жүрек соғуының тұрақсыздығы және қатты дүрсілдеуі.

Сонымен қатар, дәрігерлер жасы 60-тан асқан егде кісілер, артық салмағы бар, сондай-ақ диабет, гипертония мен холестерин деңгейі жоғары жандарды сақ болуға шақырады. Сол секілді зиянды әдетке бой алдырған адамдар тобы да қауіп-қатерге жақын дейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: