Дәрігерлер шахтада жарақат алған кеншілердің жағдайы туралы айтты

3 Қараша 2022, 11:12 1708

Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті

Ленин атындағы шахтадағы апат салдарынан кеншілер уланып, түрлі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz

Ленин атындағы шахтада болған апаттан кейін Шахтинск қаласының орталық ауруханасына 4 зардап шеккен кенші жеткізілді. Алдын ала диагноз – метанмен улану.

«Зардап шеккендердің екеуі Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылды. Уланудан басқа әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы екі адам Шахтинск қаласында. Консилиум өткізу үшін санавиациямен құрамында 2 нейрохирург және 2 реаниматолог бар Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана мамандарынан құралған бригада келіп жетті», - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

EL.KZ
Бөлісу: