Дәрігерлер көктемде қандай дәрумендер ішу керегін айтты

23 Ақпан, 13:44 3173

Көктемде адам ағзасына дәрумендер қажеттілігі бірнеше есе артуы мүмкін, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Соған орай, дәрігрелер С дәрумені, D дәрумені, көктемде, сондай-ақ, А дәрумені, Е дәрумені, В1, В2 дәрумендері және РР дәруменіне назар аудару керектігін айтады.  Кез келген дәріханада сатып алуға болатын дәрумендік кешендер туралы ұмытпаған жөн. Алайда дәрумендердің мұндай түрін өздігінен қабылдауға болмайтынын ескерген абзал, оларды қабылдамас бұрын дәрігермен міндетті түрде кеңесу керек.

Дәрумен тапшылығы болдырмау үшін теңіз балығы, кептірілген жеміс пен жаңғақтар жеген дұрыс дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, қырыққабат бен сәбіздің де пайдасы мол.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: