Дәрігерлер бүйректе тас түзетін факторларды атады

20 Ақпан, 10:15 1130

Әлем тұрғындарының әрбір оныншысында несеп шығару жолдарында тастың бар. Олардың басым бөлігі 20-40 жас аралығындағы еңбекке жарамды халық, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер сол тас түзетін басты факторларды атады. Олар: сұйықтықтың жетіспеуі, рационның дұрыс болмауы, ішектің созылмалы ауруы, семіздік, тұқымқуалаушылық, кейбір дәрілік препараттарды қабылдау, басқа да аурулардың болуы (генетикалық аурулар, екінші түрдегі диабет, тұз байлану ауруы, гиперпаратиреоз)

Дәрігерлер тасты шығару үшін алдымен қанға анализ тапсыру керектігін айтады, бұл ондағы кальций мен зәр қышқылының көрсеткішін анықтауға көмектеседі, содан соң несеп анализін тапсырады және УЗИ-ден өтеді (компьютерлі томогрфия немесе құрсақ қуысының рентгені). Егер тастың бар екені белгілі болса, оның көлеміне қарай, емдік шаралары да әртүрлі жүргізіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: