Дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан тұрғынның тізе буынын имплантқа алмастырды

21 Қаңтар 2023, 23:19 1144

Түркістандық пациент Паркинсон ауруының ауыр түріне шалдыққан

Түркістан клиникалық ауруханасында 63 жастағы пациентке тізе буынын заманауи имплантпен ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Пациенттің артроздан зардап шеккен тізе буыны «XN» имплантымен алмастырды. Операция сәтті өтті, пациент буынды жұмыс істету үшін оңалту кезеңінен өтуі керек.

Дәрігерлердің айтуынша, «Тізе буыны эндопротезінің заманауи импланттары» және «XN» жаңа имплантын пайдалану тақырыбында шеберлік сағаты да өткізілді. Оның ерекшелігі - тізе буыны эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктеріне сүйене отырып, нақты жағдайға байланысты компоненттерді таңдау мүмкіндігін ұсыну.

Болашақта облыстық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімшесі ірі буындар үшін жаңа импланттарды қолдануды енгізуді жоспарлап отыр.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер үшін барлық қымбат эндопротездеу операциялары, сондай-ақ буынды ауыстырғаннан кейін оңалту көмегі тегін жүргізілетінін атап өткен жөн.

EL.KZ
Бөлісу: