Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты

Кеше, 12:46 433

Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Олардың жағдайын облыстық көпсалалы аурухананың дәрігерлері айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, Ақтау маңында ұшақ апатынан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Төрт науқас жансақтау бөлімінде жатыр: біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

Зардап шеккен екі адам травматология бөлімінде емделіп жатыр.

Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан алты науқастың үшеуі Әзербайжан, үшеуі Қырғызстан азаматы. Науқастар толық көлемде қажетті ем-дом алып жатыр, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: